Нұрбол Жорабеков
Текст

Қыз іздеймін

Нұрбол Жорабеков

Оцените песню: Голос вверх 270 Голос вниз 7

97%
3%
Үзіліп ақ тұратын сызылып ақ,
Иманды болу керек жүзі бірақ!
Бойынан ойы биік болса деймін,
Тілі қысқа етегі ұзынырақ!
 
Мен қыз іздеймін,
Көп көзіне түсуге ұялатын,
Мені ғана жүрекпен сүйе алатын,
Әке-шешем мақтанып қонағына,
Мынау менің келінім дей алатын!
 
Әңгіменің айтатын шын айқынын,
Шындығы мінезіме шыдайтұғын!
Мені біреу жамандап отырғанын,
Естіп қалса еңкілдеп жылайиұғын!
 
Мен қыз іздеймін,
Біреудің байлығына қарамайтын,
Мендегі бар нәрсені бағалайтын,
Ерім ғой деп алдымда бас иетін,
Өзі менен ақылды санамайтын,
 
Мен қыз іздеймін,
Мен келгенде қолыма гүлімді алып,
Қарсы алдымнан шығатын күлім қағып,
Анашыма иіліп сәлем берсе,
Бар дүние кететін сұлуланып!