Нұрбол Жорабеков
Текст

Құдалар

Нұрбол Жорабеков

Оцените песню: Голос вверх 1 Голос вниз

100%
0%
Құдалықты қазақ ғажап салтына балар,
Шашу шашып алтын аналар.
Екі жастың арқасы ғой ел таныстырып,
Құдаластық төс қағыстырып.
 
Қош келдіңдер, құдаларым,
Табылады сұрағаның,
Орындалар осы тойда барлық қалауың…
 
Көңілдерің құдаларым,
Көтерілсе қуанамын,
Қыздырыңдар ән-жырменен тойдың алаңын.
 
Жақын жанға айналармыз туыс-бауырдай,
Құдаларым — ырыс-бағымдай.
Сыйласайық, сырласайық серттен жаңылмай,
Ортаға кел, көктем таңындай!
 
Қош келдіңдер, құдаларым,
Табылады сұрағаның,
Орындалар осы тойда барлық қалауың…
 
Көңілдерің құдаларым,
Көтерілсе қуанамын,
Қыздырыңдар ән-жырменен тойдың алаңын.