Марат Балмырза
Текст

Өзіңе жақсы болса

Марат Балмырза

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

Ашуынан қайтатын сүйемін деп айтатын
Сөзіңде тапшы болса
Жалындыра бер мені,сағындыра бер мені
Өзіңе жақсы болса?!
 
Мен ғашық болмап ем бұлай шын
Мен үшін сөнбейтін шырайсың
Жайымның барлығын білсеңде
Халімді несіне сұрайсың
Білмеймін неліктен ұнайсың
Шынайы сүйсеңде сынайсың
Білдірген кезімде сезімді
Үндемей ай қалай шыдайсың
 
Ашуынан қайтатын сүйемін деп айтатын
Сөзіңде тапшы болса
Жалындыра бер мені,сағындыра бер мені
Өзіңе жақсы болса?!
 
Көздерің сезімге сендірген
Қырсықпа қылықтым сен мүлдем
Тағыда мойындап кінәмді
Кешірім сұрауға келдім мен
Ай бірақ жүрегің ақ сенің
Өкпелеп қалсаңда тәтті едің
Мен үшін бақытты қылатын
Мен үшін қуанған сәттерің
 
Ашуынан қайтатын сүйемін деп айтатын
Сөзіңде тапшы болса
Жалындыра бер мені,сағындыра бер мені
Өзіңе жақсы болса?!