Марат Балмырза
Текст

Бізде бәрі жақсы

Марат Балмырза

Оцените песню: Голос вверх 37 Голос вниз 2

95%
5%
Жүрмесең де жағдайды жиі сұрамай
Көршім келіп сұрады, үй ішім қалай
Жақсы дедім, бақытпен қиысу оңай
Оңай, оңай
 
Жағдайымды сұрады туысым келіп
Шүкір деймін тұрақты жұмысым берік
Орталанып жатқан жоқ, ырысым кеміп
Тоба-ай, тоба-ай
 
Жағдайымыз солай
Өздеріңде қалай?
Бізде бәрі жақсы
Бізде бәрі жақсы
 
Жағдайымыз солай
Өздеріңде қалай?
Бізде бәрі жақсы
Бізде бәрі жақсы
 
Ресейменен Өзбекке, Қырғызға бардым
Саясаттың дауылын ұрғызған әр күн
Қазақ деген бір күні жұлдыз болармын
Оңай, оңай
 
Саяхаттап түрікке, арапқа барғам
Еш күнімді оларға қаратпа, Аллам
Кейбіреуге таңымыз әр атқан арман
Тоба-ай, тоба-ай
 
Жағдайымыз солай
Өздеріңде қалай?
Бізде бәрі жақсы
Бізде бәрі жақсы
 
Жағдайымыз солай
Өздеріңде қалай?
Бізде бәрі жақсы
Бізде бәрі жақсы
 
Мықты болсаң бұл өмір көніп көр дейді
Мұң айтқаннан не пайда, ерің бермейді
Біреу келіп ырысын бөліп бермейді
Оңай, оңай
 
Не болсада жалғанда бір күн жүрмеймін
Сондықтанда ешкімге сыр білдірмеймін
Аллаға құл әлемге тұрғынмын деймін
Тоба-ай, тоба-ай
 
Жағдайымыз солай
Өздеріңде қалай?
Бізде бәрі жақсы
Бізде бәрі жақсы
 
Жағдайымыз солай
Өздеріңде қалай?
Бізде бәрі жақсы
Бізде бәрі жақсы