Көңілді мұң басып, жолыңнан адасып,
Қалып жүрме жасып досым-ай.
Не болса да сынба, жүрегіңді тыңда,
Адаспассың анық сен сонда.
Шаршама, талма,
Бойда күш-қуат барда,
Биіктерден биікке самға!
Биіктерден биікке самға!
Өмірге бол ғашық, жүрегіңді ашып,
Арманыңа бол адал, асық.
Әрекет ет талпын, әрбір сағат, әр күн,
Сонда ғана жетерсің бәлкім.
Шаршама, талма,
Бойда күш-қуат барда,
Биіктерден биікке самға!
Биіктерден биікке самға!
Бақыт болсын жолдасың,
Үміт болсын серігің.
Адастырмас ақылшың,
Сенің адал сенімің.
Шаршама, талма,
Бойда күш-қуат барда,
Биіктерден биікке самға!
Биіктерден биікке самға!