Кей жігіттер шетелге кетемін дейді
Туған жерін менсінбей өтемін дейді
Шекара асып бай болаиындай
Саған қашан жетемін шет елім дейді
Кейде мені қолдайды кейде намысты адам
Жаса жастар боиынан ой қалыспаған
Өз еліңде ұлтан бол деп айтып деп еді
Өзге елде сұлтан болған Бейбарыс бабам
Қайырмасы
Ойлан ойлан ойланыңыздар
Туып өскен отаныңызға болмайма обал
Ойлан ойлан ойланыңыздар
Ақ сүт беріп асыраған аппақ шашты ақ сақал ата аналарға болмайма обал
Кейбір қыздар шет елге көшемін дейді
Кетем дейді жүрседе неше күн жүрседе мейлі
Тұрмыс құрып жат елдің азаматымен
Өзім емес өзге боп өсемін дейді
Шет ел бізге бақ емес сайран құратын
Асыл емес не болмақ қайран мұратың
Домалақтай аналар тектілігімен
Өз ошағын отанға айналдыратын
Қайырмасы
Ойлан ойлан ойланыңыздар
Туып өскен отаныңызға болмайма обал
Ойлан ойлан ойланыңыздар
Ақ сүт беріп асыраған аппақ шашты ақ сақал ата аналарға болмайма обал