Марат Балмырза
Текст

Болатын нәрсе болады

Марат Балмырза

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

 
Тоқтамастан ойлай бересің ананы мынаны
Ойлағаннан бірдеңе өзгеріп жатқаны шамалы
Білем жансың ғой саналы бірақ болатын нәрсе бәрібір болады
Болады,болады...
 
Сен ойламай-ақ күннің өзі атады батады
Мен ойластырмай-ақ басталады құстардың сапары
Білем жансың ғой саналы бірақ болатын нәрсе бәрібір болады
Болады,болады...
 
Бойжетпеген жерге ой жетер айтасың ақыл
Тағдырың жазулы басыңды қатырма қатыр
Білем жансың ғой саналы бірақ болатын нәрсе бәрібір болады
Болады,болады...
 
Сен оданда босқа көп ойланбай бір терең демал
Көтере алмайтын сынақ берілмейді деп айтып еді иман
Білем жансың ғой саналы бірақ болатын нәрсе бәрібір болады
Болады,болады...
 
Осының бәрін білесің білесің
Онда неге ойда жүресің
Бүгінімен қашан өмір сүресің
Бірақ сен бұның бәрін білесің