Мади Дәуренұлы
Текст

Самалды Самсы

Мади Дәуренұлы

Оцените песню: Голос вверх 9 Голос вниз 1

90%
10%
Шалғайда жүрсем
сағынам сені
байтақ даламның бөлшегі
Алтыннан қымбат
әр түйір тасың
мен үшін артық өлшемі
Аядай ауыл
ағайын бауыр
қарызым саған көп менің
Балалық шағым
қуалап сағым
өзіңде өсіп көктедім
Ата қонысым
ар мен намысым
самалды самсы мекенім
Ата қонысым
ар мен намысым
самалды самсы мекенім
 
Жұпарың аңқып
Ауаңда бақыт
Тынығып, шаршап келгенде
Әлемнің жеті ғаламаты да
Татымас саған білгенге
 
Аядай ауыл
ағайын бауыр
қарызым саған көп менің
Балалық шағым
қуалап сағым
өзіңде өсіп көктедім
Ата қонысым
ар мен намысым
самалды самсы мекенім
Ата қонысым
ар мен намысым
самалды самсы мекенім
 
Аядай ауыл
ағайын бауыр
қарызым саған көп менің
Балалық шағым
қуалап сағым
өзіңде өсіп көктедім
Ата қонысым
ар мен намысым
самалды самсы мекенім
Ата қонысым
ар мен намысым
самалды самсы мекенім