Қолымнан келсе қолыңнан сені жетелеп
Барымды салып өтер ем мәңгі мәпелеп
Жадыра күліп жанымда жүрсең болғаны
Тек содан басқа ағаңа мына не керек
Аялдап сәл-пәл кететін кенет жел айдап
Ақша бұлт көрсем тұрамын ботам сені ойлап
Үбіреп тұрып үзіліп кетер үмітсіз
Жүрші тек күнім артыңа қарап абайлап
Қолымнан келсе қолтықтап сені жүрер ем
Амалым қанша тұйыққа күнде тіреле
Өмір сүре бер өзіңмен өзің гүл ашып
Өзінен өзі жазыла салған бір өлең
Аялдап сәл-пәл кететін кенет жел айдап
Ақша бұлт көрсем тұрамын ботам сені ойлап
Үбіреп тұрып үзіліп кетер үмітсіз
Жүрші тек күнім артыңа қарап абайлап
Аялдап сәл-пәл кететін кенет жел айдап
Ақша бұлт көрсем тұрамын ботам сені ойлап
Үбіреп тұрып үзіліп кетер үмітсіз
Жүрші тек күнім артыңа қарап абайлап