Тебіреніп ән арнадым,
Жалын болып сан арман.
Жанашырым қос асылым,
Сенен артық таба алман
Бірің ана, бірің әке,
Бір бәйтерек, бір шынар
Сен шықпаған биіктерге,
Ұл, қызың бар бір шығар
Арайлы атқан таңым едің,
Шабыт берер сән болып
Жырым да сен жазатұғын,
Жүрегімде ән болып
Бірің ана, бірің әке,
Бір бәйтерек, бір шынар
Сен шықпаған биіктерге,
Ұл, қызың бар бір шығар
Балаң жетті, келін түсті,
Қызықтадың тойладың
Жүрідерші ортамызда,
Орындалып арманың
Бірің ана, бірің әке,
Бір бәйтерек, бір шынар
Сен шықпаған биіктерге,
Ұл, қызың бар бір шығар
Бірің ана, бірің әке,
Бір бәйтерек, бір шынар
Сен шықпаған биіктерге,
Ұл, қызың бар бір шығар