Ибрагим Ескендір
Текст

Қазақты көргім келеді

Ибрагим Ескендір

Оцените песню: Голос вверх 73 Голос вниз 3

96%
4%
Бір бірін сыйлай білетін
Бір бірін тыңдай білетін
Бір бірін сіз деп тұратын
Бір бірін іздеп тұратын
Бір бірін қолдай алатын
Бір бірін қорғай алатын
Бір бірін мақтап жүретін
Бір бірін жақтап жүретін
Қазақты көргім келеді
 
Жақсылық үшін жарысқан
Жаманжықпенен алысқан
Кең байтақ мына далада
Тұлпарын мініп шабысқан
Қазақты көргім келеді
 
Бір бірін батыр қылатын
Бір бірін батыл қылатын
Бір бірін алаламайтын
Бір бірін табаламайтын
Бір бірін елеп жүретін
Бір бірін демеп жүретін
Бір бірін жақсы көретін
Бір бірін бауыр көретін
Қазақты көргім келеді
 
Жақсылық үшін жарысқан
Жаманжықпенен алысқан
Кең байтақ мына далада
Тұлпарын мініп шабысқан
Қазақты көргім келеді