Мен кім едім, кім едім
Қазақ деген ел едім
Қанжар мен тарап шашымды
Қара шамды жеп едім
Мен қазақ деген алты аспан
Алшы алаштың басы едім
Омырауымды оқ тескен
Оғыздың жерлі жасы едім
Бұланбір санды бұр едім
Кеудеме намыс қайнатқан
Астыма мінген жүйріктің
Желкесін жерге шайнатқан
Алдымдағы дұшпанға
Ақ жебе болып атылдым
Мен қазақ деген баһадүр
Мен қазақ деген батырмын
Мен қазақ деген баһадүр
Мен қазақ деген батырмын
Бабалардың көзі
Жүрегімнің сөзі
Жалғызымның өзі
Қазақстан
Айдын шалқар көлім
Жазиралы-ау жерім
Жерұйығым менің
Қазақстан
Сақтардың сансыз мүрдесі
Сарғайған анау әр төбе
Ұрпақтың жолы - ұлы жол
Ұлт үшін өлу мәртебе
Атаның жолын қумаса
Айтпайды оны ұлым деп
Ұлтым деп туған жігітке
Осыдан биің ұғым жоқ
Жүрегім жұмсақ баршаға
Пейілім дархан даладай
Өмірім мөлдір бұлақтай
Көңілім сәби баладай
Әр сөзім гауһар жақұттай
Жұлдыздай жанған ғарыштан
Мен қазақ деген кеменгер
Мен қазақ деген данышпан
Мен қазақ деген кеменгер
Мен қазақ деген данышпан
Бабалардың көзі
Жүрегімнің сөзі
Жалғызымның өзі
Қазақстан
Айдын шалқар көлім
Жазиралы-ау жерім
Жерұйығым менің
Қазақстан
Бабалардың көзі
Жүрегімнің сөзі
Жалғызымның өзі
Қазақстан
Айдын шалқар көлім
Жазиралы-ау жерім
Жерұйығым менің
Қазақстан