Аққусың әсем көлдегі
Ақ сәуле күнсің өрдегі
Арулар ұлттың намысы
Намыссыз ұлттың өлгені
Елге де пана өзіңсің
Ерге де пана өзіңсің
Жүрексің аппақ нұрланған
Тілексің аппақ төзімсің
Анасыз болсаң сол қайғы
Пайғамбар айтқан ол жайлы
Ананың таппай көңілін
Жұмаққа жолың болмайды
Арманды біздің жалғап ұш
Арудан өткен барма күш
Қазаққа біткен әрбір қыз
Жүрекке біткен ар-намыс
Ұлтыңның қорға ар-намысын
Атадан қалған ар үшін
Арулар арын қорғасын
Баба мен бала, жары үшін
Бір сендік күнмен мына түн
Өзіңсің ай болып тұратын
Арудың алтын құрсағы
Қазақты қазақ қылатын
Бұзылса ару бақ тайды
Ұлтыңды дұшпан таптайды
Қазақ па қазақ ақ сүт қой
Ақ сүтін ана сатпайды
Адасу барда жану бар
Алашқа қандай дәру бар
Ұлтыңды қорға ақ уыз
Қазаққа біткен ару бар
Батырлар найза салысты
Жан кешіп жаумен алысты
Ерлерді жерге қаратып
Бермесін ару намысты
Арулар ұлттың қорғаны-ай
Арулар ұлттың қорғаны
Арулар ұлттың намысы
Намыссыз ұлттың өлгені-ай