Ибрагим Ескендір
Текст

Қазағым

Ибрагим Ескендір

Оцените песню: Голос вверх 42 Голос вниз 3

93%
7%
Сағынған, сүйген бір-бірін,
Мекені дос пен құрбының.
Баянды сенің  бірлігің,
Сәбиі күнде сыйлаған,
Күлкінің күміс сыңғырын.
Ұлдары ардың ақ туы,
Қыздары көлдің аққуы,
Маңдайдан жанған бақ нұры.
Көңілі дархан елімнің,
Тарқамас мәңгі шаттығы.
 
Қайырмасы:
Қазағым, ғажабым,
Қадірлі, қастерлі, киелі.
Бағым деп, барым деп, жаным деп,
Мен сені сүйемін!
Байтағым – өзіңсің,
Тілегім, тірегім, жүрегім.
Айдыным,  Ай, Күнім,
Сен барда бақытқа иемін!
 
Тербеліп салқын самалмен,
Табысқан әкем анаммен.
Өзіңсіз бақыт табар ма ем?
Мәпелеп мені өсірген,
Мақтанам байтақ даламмен.
Тәңірдің берген сыйы едің,
Әкенің асқақ күйі едің,
Өзің деп жанды түйемін.
Анадай асыл туған ел,
Аялап сені сүйемін.
 
Қайырмасы:
Қазағым, ғажабым,
Қадірлі, қастерлі, киелі.
Бағым деп, барым деп, жаным деп,
Мен сені сүйемін!
Байтағым – өзіңсің,
Тілегім, тірегім, жүрегім.
Айдыным,  Ай, Күнім,
Сен барда бақытқа иемін! -