Көрдің бе шайын ішіп самауырдың
Сол екен салтанаты-ау сән ауылдың
Ауылым сарқылмайтын сағыншым
Балауса бейнесіндей бала күннің
Туған жер сен не деген көркем едің
Жаныма жылу берген өлкем едің
Анамның табанынан тапа қалған
Келеді-ай топырағыңа-ау еркелегім
Келеді-ай топырағыңа-ау еркелегім
Ауылда басын қосып туыс-туған
Айналаң шалқар шаттық ырыс думан
Жетер ме шөліңді бір қандырғанға-ай
Туған жер төсінде аққан тынық суды-ай
Туған жер сен не деген көркем едің
Жаныма жылу берген өлкем едің
Анамның табанынан тапа қалған
Келеді-ай топырағыңа-ау еркелегім
Келеді-ай топырағыңа-ау еркелегім
Көне көз қарттарыңдай баяғының
Сен маған құшағыңды аш жай ауылым
Өшпейді саған деген сағынышым
Кепкені мен анам жуған жаялығым
Туған жер сен не деген көркем едің
Жаныма жылу берген өлкем едің
Анамның табанынан тапа қалған
Келеді-ай топырағыңа-ау еркелегім
Келеді-ай топырағыңа-ау еркелегім