От болып жүрек жанбай
Өмірдің мәні қандай
Қолымнан бақыт құсы ұшырып алған жандай
Сенсіз жүрегім жалғыз
Өшпес мәңгілік қалды із
Саған арналар әнім
Сені аңсар жаным
Арман өзіңмен өткен кездер ғажайып неткен
Сенсің тағдыр сыны сезім шыны жүрек мұңы
Қалайша сағынбайсың қол жетпес сағымдайсың
Жаралы жүрегімді шарпыған жалындайсың
Сенсіз жүрегім жалғыз
Өшпес мәңгілік қалды із
Саған арналар әнім
Сені аңсар жаным
Арман өзіңмен өткен кездер ғажайып неткен
Сенсің тағдыр сыны сезім шыңы