Айым болдың айдай толған шағыңда
Бақыт сыйлап жүрдің менің жанымда
Сол күндерден белгі айналдыма сағымға
Жұлдызым болып көкте жарық сыйладың
Нұр жүзіңді мен өзгеге қимадым
Саған ешкім жетпес көз алдымнан кетпес дидарың
Мейлі өтсін айлар мен жылдар
Өтсін тағдырлы сындар
Жүрегімде нұр бейнең
Аңсаймын сені аңсаймын сені жаным
Алаңдаймын таба алмаймын
Жүрегімнің елесін
Аңсаймын сені аңсаймын сені жаным
Алаңдаймын таба алмаймын
Өткен күннің елесін
Атты сенсіз талай күнді таңдарым
Өзіңді іздеп күнді түнге жалғадым
Кеттің менен жырақ таба алмадым бірақ арманым
Мейлі өтсін айлар мен жылдар
Өтсін тағдырлы сындар
Жүрегімде нұр бейнең
Аңсаймын сені аңсаймын сені жаным
Алаңдаймын таба алмаймын
Жүрегімнің елесін
Аңсаймын сені аңсаймын сені жаным
Алаңдаймын таба алмаймын
Өткен күннің елесін