Бейбарыс Серiкбаев
Текст

Шымкенттің салқын сырасы

Бейбарыс Серiкбаев

Оцените песню: Голос вверх 9 Голос вниз

100%
0%
Шымкенттің салқын сырасын
Көрдің бе ішіп, құрдасым?
Мөлдіреп, тұнып тұрғасын
Қалай сен шыдап тұрасың?
Шөлдеген кезде – жолдасым,
Шаршаған кезде – сырласым
Ішкенде жаның кіріп,
Бойыңда қаның жүріп,
Өмірдің мәнін ұғарсың
 
Хей, құрдасым!
Түсінбеушілік болмасын
Туласын жүрек, туласын
Ішейік Шымкент сырасын
 
Шымкенттің салқын сырасы
Сүтіндей қойдың қорғасын,
Еріксіз еске аласың,
Бабамның ішкен бозасын
Ыдыстың алып тәуірін,
Сыраңнан құйшы, бауырым
Шаттықтың ордасында,
Достардың ортасында
Қызықпен өтсін дәуірің
 
Хей, құрдасым!
Түсінбеушілік болмасын
Туласын жүрек, туласын
Ішейік Шымкент сырасын
 
Хей, құрдасым!
Түсінбеушілік болмасын
Туласын жүрек, туласын
Ішейік Шымкент сырасын
 
Шымкенттің салқын сырасы
Жастықтың албырт куәсі
Тағы да құйшы, бауырым,
Қалмасын менің көңілім
Ішкенде дәмі кетпейді,
Көңілде көктем көктейді
Достым, сен сенесің ба
Шымкенттің сырасына
Ешқандай сыра жетпейді
 
Хей, құрдасым!
Түсінбеушілік болмасын
Туласын жүрек, туласын
Ішейік Шымкент сырасын
 
Хей, құрдасым!
Түсінбеушілік болмасын
Туласын жүрек, туласын
Ішейік Шымкент сырасын