Арнаймын саған сазды əсем
Кеудеңе шаттық орнаса,
Қайғылы өлең жазбас едім
Бұл өмір жалған болмаса
Жар болсын саған тəңірім
Жүрегім сені таңдаса
Жыламас едім жарығым
Көзімнің жасы қалмаса
Үзілмес жібі үміттің
Суыққа жаның тоңбаса
Мұңаймас едім қылықтым
Жүрегім нəзік болмаса.
Сəл алыс кетсем сағындым
Шықпайсың бір сəт ойымнан
Жартысы сенсің жанымның
Тəңірден таңба қойылған
Көңілсіз жүрген маған бір
Сыйлады сені жар қылып
Аяулы жарым аман жүр!
Жанымда жүрші мəңгілік!
Жаураған жаным өткенді
Баураған мені мінезің
Ұнамай кеткен көктемді
Қайта сүйдірген бір өзің
Қайын жұртымсың сыр елім,
Күйеу балаң ғой бұл ақын.
Сезді ме əлде жүрегім
Қызыл Орда деп тұратын
Қуаныш сыйлап əр ақ таң
Сен күлсең күліп,жылаймын!
Жар болса екен жаратқан
Біз екеумізге жұбайым.
Тек мені іздеп тұратын
Арнаймын саған өлеңім
Жанымды менің ұғатын
Жарымды жақсы көремін!
Сонда да маған жақын мұң
Таймайық тағдыр жолынан
Жан жары болу ақынның
Жақсының келер қолынан
Сенсің ғой тəтті шоколад
Тоймайды саған жолдасың
Екеумізде бар махаббат
Гүліміз мəңгі солмасын
Болашақ алға жол сілтеп
Жұмбағын тағдыр жасырған
Біздерді бірге болсын деп
Тəңірдің мөрі басылған!!!