Бақдәулет Арыстан
Текст

Қайтейін

Бақдәулет Арыстан

Оцените песню: Голос вверх 25 Голос вниз 2

93%
7%
 
Жүзіңді көре алмаспын күнде арайлы,
Білмеймін маған бірақ кім қарайды.
Айттым саған ғашық болып қаламын деп,
Жүрегім кейде мені тындамайды.
Түнде көрем төбемде тұрған айды,
Сұлусың жүрек қалай жырламайды.
Білемін, сен қорықпа бәрі өтеді,
Жүрегім жүрегіңді бұлғамайды.
Мен жалған танымадым кешір мені,
Өзіңмен танысқан күн есімде еді.
Жүрегің бос емесін біліп тұрып,
Жаным-ау ғашық қылдың несін мені.
Қайтейін сенін орның бөлек еді,
Білмеймін енді сезім не береді.
Өзіңе өлеңімді арнамайақ,
Жай ғана тыныш тұру керек еді.
Салем деген мен өзім жазықтымын,
Айтарымды қалайын жазып бүгін.
Ұнап қалдың бірақ мен ескерткенмін,
О баста жүрегімнің нәзіктігін.
Жаным, жаным қиналар текке менің,
Амал қанша жүректі тек бөлемін.
Мұң өлең арналса да түк шықпайтын,
Осындай махаббатты жеп көремін.