Бірде...
Мүгедек балаларды көрдім,
Мүгедек деп айтуға аузым бармады
Олар мен үшін бөлек жандар..
Бірақ..керемет
Ештеме емес, жүрегімнің зар-мұңы
Мына өмірде көнгіш екен барлығы
Бүгін көрдім..адамдарды дəл біздей
Бірақ бөлек..тіршілігі тағдыры
Маған жұмбақ..көріп жүрген əр күні
Құпия ғой ашылмаған сандығы
Көп ойланып тағы келдім тəубеме
Маған қайғы бұл жандардың бал күні
Бөлек жандар..сезінеді, біледі
Тыныш өмір байлық емес тілері
Біз сау болып түңілеміз кей-кезде
Бірақ бұлар..қуанады күледі
Бұйырса да қайғы мұңның түнегі
Амал қанша? Сонда да өмір сүреді
Бұл жалғанға басқа көзбен қарайды
Басқаша боп соғатындай жүрегі
Мейірімді..бір-біріне тимейді
Өмір солай қалай жаның күймейді
Бір əншімен сұқбаттасты шаттанып
Тартынбайды, көңілді əнге билейді
Қолдан келсе, қосары бар еліне
Қарамайды өзінің кем жеріне
Арман қуып, ойланып жүр үмітпен
Бұлар бірақ ойландырды мені де
Тек күлімдеп қуанады секірмей
Жапырағы қалғанымен жетілмей
АЛЛА алдында бірдейміз деп бəріміз
Өз-өздерін жұбатады өкінбей
Тағдырының ащы дəмін татыпты
Бағалайды босқа өткізбей уақытты
Iphone деген ұялымен қуансақ
Бірақ бұлар қиялымен бақытты
Байдан артық, жарты наны кедейдің
Мен қалайша шүкір, тəубе демеймін
Жалғыз АЛЛА есіркесін оларды
Амал қанша не істей алам, не дейін?!