Өлшеулі уақыт менде, көре алмаймын күнде,
Елестеп бейнең түнде жүргендеймін мен бірге.
Мүмкін, бұл – менің түсім, белгісіз жан-ау, кімсің?
Өмірің – жұмбақ маған, ол сұлу қайдан білсін?
Қасыңа бара алмаймын, алыстан қарайлаймын,
Көргенше уақыт санап мен өзімді алдаймын.
Қайырмасы:
Ол қыздың көздерінде күндізі ұялаған,
Тағдырымыз тоғысып қуаныш сыйла маған.
Ол қыздың махаббаты тап-таза мөлдір судан,
Ажарлы бейнесіне қараумен көздер талған.
Жолықтырды ғой тағдыр, бақытымды сен жандыр,
Өміріме сән беріп мені есімнен тандыр.
Қоймашын өкпелерді, менің кезегім келді,
Сендіремін сезімге, алыстама, безілме.
Ұмытыпсың сүюді, мен саған үйретемін,
Махаббат – биік шың ғой, мен оны күйретемін.
Қайырмасы:
Ол қыздың көздерінде күндізі ұялаған,
Тағдырымыз тоғысып қуаныш сыйла маған.
Ол қыздың махаббаты тап-таза мөлдір судан,
Ажарлы бейнесіне қараумен көздер талған.