BaGi
Текст

Елеңдеймін

BaGi

Оцените песню: Голос вверх 1083 Голос вниз 27

98%
2%
Төрт қабырға ішінде,соққан сағаттың үні
Темекінің өртеніп,жерге құлауда күлі
Бір қызық түрлі ойлар, қонаққа кеп кетуде
Теледидар тағаты әнұранмен бітуде
 
Елеңдеймін дауысың шыққандай үйімнен
Құшақтап алатының бар еді ғой белімнен
Кім сені еркелетіп, қолдарыңды жылытып,
Кім сүйіп жүр шиедей қызыл ерніңнен
 
Менсіз қалай жеңілдеді ме мұңды өмірің
Керексіз қалып кетті босап тұрған боз көңілім
Жағадан алыстаған қағаздан жасалған кеме
Ұмытып бәрін тауып алғандай ғой өз өмірін
Үндемей кетіп қалдық екі жаққа тіпті оңай
Ажырап қосылар деп екеуміздің тағдыр солай
Қанша рет ұмтылсам да сағынышпен сені іздеп
Жеткізбеді өзіңе мына өмірдің тайғақ жолы ай
 
Елеңдеймін дауысың шыққандай үйімнен
Құшақтап алатының бар еді ғой белімнен
Кім сені еркелетіп, қолдарыңды жылытып,
Кім сүйіп жүр шиедей қызыл ерніңнен