BaGi
Текст

Мен саған лайықты емеспін

BaGi

Оцените песню: Голос вверх 486 Голос вниз 11

98%
2%
Құбылмалы ауа-райы бұзады көңіл-күйді,
Қолға қалам алсам көңілім жиі толқиды.
Қайдағы жоқ сәттер түсіп кетеді есіме,
Тыныштық бермей маған кіріп жүрсің түсіме.
Бұл сағыныш емес басқаша ойлап жүр ме,
Жүрек айықты жарасынан  енді оған тиме.
Тиме маған, араласпа жеке өміріме,
Онсызда кірлеткенсің дақ түсіріп көңіліме,
Мен саған лайықты емеспін, әлде керісінше ме?
Артық сөз керек емес, болды , тоқтат үндеме
Ештеңе өзгермейді екеуміздің арамызда
Жігіт көп мен сияқты біздің Шым қаламызда
Сенің  қолыңнан келмейтін, келмейтін нәрсе жоққой
Қалтасы терең айналада жігіт көпқой
Сенің байлыққа деген махаббатың шексіз
Керемет өтіп жатқан шығар өмірің менсіз
 
Мен саған лайықты емеспін
Мен жоқпын енді елеспін
Ұмыт мені қайта айналып келмеспін
Жүрегімді саған бермеспін
 
 
 
Бір сұранарым үйге телефон соғуды тоқтатшы
Сөйлесең мейлі ғой үндемей тұрмай тіл қатшы
Енді не айтасың, не айтарың бар маған
Есігі жабыққой жүректің мәңгі саған
Екеумізді таныстырғанда таныспау керек еді
Сонда мұндай жағдай арамызда болмас па еді
Менің жүрегім жараланып, қанға толмас еді
Көктемде ерте шыққан гүлдер ерте солмас па еді
Тағыда айтамын мен саған лайықты емеспін
Басымнан бір өткізген сезімді енді сезбеспін
Сезбеспін сенің маған кеш оянған сезіміңді
Мен тексергендей кезінде тексеріп көр төзіміңді
Қалай екен сенің сезіміңді елемесем
Сен лайықты сезімге махаббатқа бөлемесем
Ендеше біліп жүр сені сүйгенді сүй
Мен сені ұмытқанмын таныспа бұл күй.
 
 
Мен саған лайықты емеспін
Мен жоқпын енді елеспін
Ұмыт мені қайта айналып келмеспін
Жүрегімді саған бермеспін