Құрбым, саған тең емеспін,
Бұл үшін мен кінәлі емеспін.
Біз үшін бәрін өзің шештің,
Жарайды, сау бол, бәрін кештім.
Тауып алшы, жаным, жанды тым адал,
Жабылмайды аузың, жаным, тынбады-ау.
Неше түрлі бұйым заттар сынбады-ау,
Біздің махаббатымыз тынған-ау.
Армандайсың пенде болған соң,
Қиялға беріле бермеген жөн.
Шындық ащы, шындық қиын,
Қимасам да сені, есімді жидым.
Болып еді екі ғашық жүрек,
Соғып еді бірге, қазір бөлек.
Бақытыңды тапшы, менен тілек,
Бұл сөздерім кімге арналады біледі.
Қайырмасы:
Құрбым, саған тең емеспін,
Бұл үшін мен кінәлі емеспін.
Біз үшін бәрін өзің шештің,
Жарайды, сау бол, бәрін кештім.
Қабылдайын сені көрген түсімдей,
Өмірімде бір қателік ісімдей.
Кімдер сүйді, мені олар түсінеді,
Ұмытылсаң да, көңілім бір күрсінеді.
Болып еді екі ессіз ғашық,
Кетті біздерден сезім қашып.
Қалып кетті жүректе есік ашық,
Ашылмасқа оны мәңгіге жаптық.
Қайырмасы:
Құрбым, саған тең емеспін,
Бұл үшін мен кінәлі емеспін.
Біз үшін бәрін өзің шештің,
Жарайды, сау бол, бәрін кештім.