BaGi
Текст

Кешір мені

BaGi

Оцените песню: Голос вверх 18 Голос вниз 1

95%
5%
Сырымды бөлістім аспанда толған Аймен,
Мұң қона бастады екі көздеріме жаймен.
Жұлдыздар жымыңдап, түн ұйқымды ұрлады,
Менің бұл махаббатым жүрегімді қорлады.
 
Таң атты көз алдымда қара түнек сейіліп,
Бір сәтке жаңбыр жауды қара бұлттар жиылып.
Сен жоқсың қасымда, мен сені іздедім,
Қиналып, бұлқынып сені іздеді жүрегім.
 
Мен сені сағындым, сағынып келемін,
Біз енді қосылмаймыз, оны анық білемін.
Кешірші, аяулым, өтініп сұраймын,
Жаңбырлы күз айымен қосылып мұңайдым.
 
Қайырмасы:
Кешір мені жаралы жүрек үшін,
Кешір мені, пендемін мен де, түсін.
Кешір мені, айыпқа бұйырмашы,
Кешір мені, жүрегім, жыламашы.
Кешір мені, айыпқа бұйырмашы,
Жүрегім, жыламашы,
Кешір мені, өтінем.
Кешірші, жаным, мені. -