Бұл махаббаттың бастамасы тым тәтті болған
Орта жолдан аяқталарын айтшы кім ойлаған
Кім ойлаған ажырамас жұптың ажырарын
Өшірерде сені сезімімнің шам шырағын
Әттең ай өкінгенмен өмірім өзгермейді
Сүйіп қалғаннан кейін білесің ғой көз көрмейді
Сен жайлы сұрақтар мазалап мені жібермейді
Бұйырмаған бақытым соңыңнан қудым үлгермей
Қалайша мен бұл жағдайда қаламын өзгермей
Қалайша қиып кеттің мөлдіреген кездерді ей
Сүймесең сүймеим деп айтсаңшы енді өзгермей
Мәңгі бірге боламын деп маған жалған сөз бермей
Әттең ай сенімен өлген жастық шағым
Әттең ай гүлдемей солған өмір бағым
Шіркін ай қимайтын сені мөлдір жаным
Мүмкін бе қайтару оның бәрін
Кеудеде жүрек бір ғана
Соғады сен деп қызғана
Ортақ бақытты күндердің
Қалғаны жай бір із ғана
Сезімнің салқын ызғары ай
Тоңды жүрегім мұздады
Білмеппін көктем біткен соң
Сарғайған сары күз барын
Ойлама мені ойлама
Сұранарым бір сол ғана
Жолаушы қылған біздерді
Бір аялдама жол ғана
Босаса көңіл ерік бер
Жәудіреген екі көзіңе
Жылап ал жалғыз жасырып
Ет жүрегің бір езіле
Әттең ай шіркін әттең ай
Басылар емес өкпем ай
Жазылмас жанға жара салған
Гүлдемей өткен көктем ай
Әттең ай шіркін әттең ай
Басылар емес өкпем ай
Жазылмас жанға жара салған
Гүлдемей өткен көктем ай
Әттең ай шіркін әттең ай
Басылар емес өкпем ай
Жазылмас жанға жара салған
Гүлдемей өткен көктем ай
Әттең ай шіркін әттең ай
Басылар емес өкпем ай
Жазылмас жанға жара салған
Гүлдемей өткен көктем ай