Берілмеуге біршама себептерді қажет дейді,
Сол себепті үнсіздіктің орнына берші белгі.
Кешіремін, кірлесе де көңілің, келші, мейлі,
Тырысып көр, жүрегің менен өзгені сүймейді.
Мен сезген тылсым сезімді сезініп сен көрдің бе?
Мен батқан мұңның жағасын сен кешіп көрдің бе?
Елестет, сол мұңның дариясына мен батып барамын,
Қимастықпенен неліктен көңілді жібітіп қарадың?!
Бізге тағдырдың бір бөлек жазғаны болар,
Үзілген гүл секілді сезім де бір күні солар.
[Қайырмасы]
Берілмеуге біршама себептерді қажет дейді,
Сол себепті үнсіздіктің орнына берші белгі.
Кешіремін, кірлесе де көңілің, келші, мейлі,
Тырысып көр, жүрегің менен өзгені сүймейді.
Көрсетпеймін айналама, жанымда менің мұң барын,
Күн біле ме екен, ол өткеннен соң айлы түн барын.
Ренжімеймін саған, не деп айып тағам, сен де пендесің,
Екі жақты уақыт жүректерімізді біздің емдесін.
Бізге тағдырдың бір бөлек жазғаны болар,
Үзілген гүл секілді, сезім де бір күні солар.
[Қайырмасы]
Берілмеуге біршама себептерді қажет дейді,
Сол себепті үнсіздіктің орнына берші белгі.
Кешіремін, кірлесе де көңілің, келші, мейлі,
Тырысып көр, жүрегің менен өзгені сүймейді. -