BaGi
Текст

Айтарым жоқ саған

BaGi

Оцените песню: Голос вверх 4 Голос вниз

100%
0%
Ақ ұлпа келбетіңнен бір мұң кеп сейіледі,
Қос жанар көздеріңнен моншақ жас төгіледі.
Өзімнің бар айтқан әнім – бұл менің анықты мәнім,
Айқын боп барлық сырларың, сөзіңде берген тұрмадың.
Шаршадым мен өзіңнен, тұрақсыз сезіміңнен,
Ойлаумен, езілуден, жалғыз боп зерігуден.
Шаршадым мен өзіңнен, тұрақсыз сезіміңнен,
Ойлаумен, езілуден, жалғыз боп зерігуден.
 
Қайырмасы:
Айтарым жоқ саған, сөздерім таусылды,
Күндерім өтуде қуалап бір-бірін: ай күнді, ай түнді.
Көздерің жыласын, тамшылар үзіліп,
Өмірім өтуде мұңайып: бір күліп, бір жылап, бір күліп.
 
Сүйе алмаймын мен өзіңді, сүйе алмаймын,
Жалын болып жансаң дағы, күйе алмаймын.
Махаббаттан жараланған жүрегімді,
Енді гәрі қиындыққа қия алмаймын.
Арамызда қашықтық бар, жете алмайтын,
Жетсем дағы, өзені бар өте алмайтын.
Сол өзенді ағыстырған тағдырыма
Сене алмаймын, енді ғарі сене алмаймын.
Күдерімді үзуменен күндер өтті,
Ойларымды сүзуменен түндер өтті.
Жаратқанның жазғанына мойын сұндым,
Сынақ үшін жаратқан Жер мен Көкті.
Енді сені ұмытамын, ұмыт сен де,
Бұл өмірде мен де – пенде, сен де – пенде.
Қайтем енді, жазылмапты маңдайыма
Бірге болу, бақытты бол сүйгеніңмен.