Тағдыр қаламапты мәңгілік бірге болуды,
Қостасудан басқа амал қалмады.
Арамыздың суығаны себептер болды,
Махаббатымыз өз күшін жоғалтты.
Есіме алсам сені көзімнен жас ағады,
Өткен күннің жарасы қайта ашылады.
Ұмыттым деп өзімді-өзім алдаймын,
Сені неге мен басқа жанға қимаймын.
Мен де әрдайым қайта келерсің деп
Кеткен жолыңа қараймын.
Сөйтсе, жаным, бұл жалған өмірге өзіңсіз сыймаймын,
Мені әлі де сүйесің деп ойлаймын.
Қара көздеріңді ешкімге қимаймын,
Бұл әуенімді саған шын жүректен арнаймын.
Қ-сы:
Арадағы сезімнің бәрі бітті,
Сені мүлде ұмытып кеттім тіпті.
Айтылмаған сезімдерді айтатын
Меніңше, лайықты кезі жетті.
Ұмытамын өзіңді мәңгіге,
Сағыныштан саламын мен әнді де.
Бақытты бол – саған айтар тілегім де,
Есімің де қала берді жүрегімде.
Арадағы сезімнің бәрі бітті,
Сені мүлде ұмытып кеттім тіпті.
Айтылмаған сезімдерді айтатын
Меніңше, лайықты кезі жетті.
Сезімімнің ерте өшкеніне өкінемін,
Әрине, кетпейді сенің жүзің, күнде менің түсімде.
Айтқан ауыр сөздерің алып келді махаббаттың қоштасу сәтіне,
Жүрегімдегі жанған от сол бір сәтте өшті ме?
Бірге өткізген күндеріміз алыс болып кетті ме,
Аспандағы жарық жұлдызым сөнді ме?
Ғашық болдым ғой ұзақ уақыт сенің бейнеңе,
Кешірерсің артық кетсем кезінде.
Сені ойламай бір күнім өтті ме,
Көре алмайтын адамдар мақсатына жетті ме?
Мүмкін есімім қалды сенің нәзік жүрегіңде,
Бірақ қайта оралуыңды тілемеймін.
Сенің маған сезген сезіміңді, жаным, енді сезбеймін,
Сенің маған сезген сезіміңді, жаным, енді сезбеймін.