Менен басқа жанды таңдашы,
Бекерге мазамды алмашы, өтінем, өтінем.
Бір күндік сөзіңе сенгенге,
Мүмкіндік өзіңе бергенге, өкінем, өкінем.
Сенбеймін енді сенбеймін,
Өшті саған деген бар үміт.
Келмеймін енді келмеймін,
Өзіңді аңсап, сағынып.
Жолама, жолама,
Жүрегіме менің жолама,
Жолама, уайымға орама.
Жолама, жолама,
Жүрегіме менің жолама,
Жолама, қош деуге бола ма?
Өзгеде менің - бағым, өмірім,
Мендегі жауабыма көңілің тола ма, тола ма?
Қайталап айтамын мен тағы да,
Түсінсең егерде сен жаныма жолама, жолама...
Төзбеймін енді төзбеймін,
Қинай берме босқа өзіңді.
Сезбеймін енді сезбеймін,
Алдама мендік сезімді.