Азимбек Байлин
Текст

Ақ көйлек

Азимбек Байлин

Оцените песню: Голос вверх 9 Голос вниз 1

90%
10%
Ақ көйлек киген үстіне
Аққуға ұқсап тұр жаным
Нұр қыламын деп түстіңбе
Махабатымның гүл бағын
 
Түсім бе әлде өңім бе
Орындалды бар арманым.
Қуаныш орнап көңілге
Жанымда жақын жандарым.
 
Тербеліп ақ көйлегіңмен
Жүзіңнен бақыт төгілген
Періштем жаны тап-таза,
Жүрегің маған берілген.
Мәңгі бірге болайықшы өмірде.
 
Сүюге мәңгі ант еттім
Сүюге мәңгі ант еттің.
Ақ көйлек айға шағылып,
Жап-жарық нұрдай жарқ еттің.
 
Өмірдің соқса дауылы
Тұрамын мәңгі қорған боп.
Сөнгенше жүрек жалыны.
Өзіңмен болсам арман жоқ.
 
Тербеліп ақ көйлегіңмен
Жүзіңнен бақыт төгілген
Періштем жаны тап-таза,
Жүрегің маған берілген.
Мәңгі бірге болайықшы өмірде.