Азимбек Байлин
Текст

Қатыным

Азимбек Байлин

Оцените песню: Голос вверх 130 Голос вниз 3

98%
2%
Қуанып бірге жылаған,
Бар мінезіме шыдаған,
Бағыма менің айналды
Жанымда жүрген бір адам
Қиялмай туған нөмірі
құлазып қалған көңілі
Бой жеткен қыздың бір күнде
өзгерген еді өмірі
 
Себебі мендей табылған,
Өмірлік теңі серігі
Атанған еді осылай
Анамның аппақ келіні
Қабырғам сенсің ақылдым
Жанашыр жаным жақыным
Ризамын саған, ризамын
Қатыным менің қатыным
 
Билеші биле тартынба
Тыңдашы тыңда алтында
Ұнайсың қатын ұнайсың
Көңілді осы қалпыңда
Жақында жаным жақында
Бағалап бала бағыңа
Сөзіңе, көзіңе, өзіңе
Ғашық боп қалдым тағы да
 
Ақылын айтып Хандарға,
Үлгілі болған бар жанға
Еліне сыйлы әйелді
Теңепті биік заңдарға
Атаған екен қатын деп,
күйеуі, кемпір шалдар да
Ел анлары қуанған
Бұл сөзді естіп қалғанда
Түсінбей біреу күледі
тарихы терең таңдарда
Білгенге бұл сөз мәртебе
Қатын деп айтсам шамданба
Бұзылмай жеткен бүгінге
Бабадан қалған заң бар да
Қатыным деймін құрметтеп
Бойымда қазақ қан барда
 
Билеші биле тартынба
Тыңдашы тыңда алтында
Ұнайсың қатын ұнайсың
Көңілді осы қалпыңда
Жақында жаным жақында
Бағалап бала бағыңа
Сөзіңе, көзіңе, өзіңе
Ғашық боп қалдым тағы да
 
Билеші биле тартынба
Тыңдашы тыңда алтында
Ұнайсың қатын ұнайсың
Көңілді осы қалпыңда
Жақында жаным жақында
Бағалап бала бағыңа
Сөзіңе, көзіңе, өзіңе
Ғашық боп қалдым тағы да