Жан-жүрегімде жарылыс
Бүгін де,қалқам,кеше де
Жетектеп мені сағыныш
Жеткізді сенің көшеңе.
Жолығып қалды қайта мұң
Жаралған сол бір сезімнен
Жалғыздығыңды байқадым
Жабырқап тұрған көзіңнен
Күрсінбе жаным күрсінбе
Бақыттыларға еліктеп
Сағынып сен де жүрсің бе
Жарасып кетер едік деп
Сен гүлсің жұпар аңқыған,
Жайнатып жанның даласын.
Қайтқан құстардың артынан
Елес боп кетіп барасың.
Таппасаң жауап сұраққа
Орындалмаған арман ғой.
Жалған айттың деп кінə артпа
Өмірдің өзі жалған ғой.
Бар Əлем сыйған жүректі,
Бөле алмай қойдым екіге.
Жанарда жасың дір етті
Өкіне берме өкіне
Тағдырдың білмей таңдауын,
Тіледім жаным бағыңды.
Сағынып бірақ арнадым,
Сағыныш толы əнімді.