Азимбек Байлин
Текст

Еркеле, еркем менің

Азимбек Байлин

Оцените песню: Голос вверх 3 Голос вниз

100%
0%
 
Сыйлайтын сезім балдай
Ардағым ау көзің қандай
Бар арманым орындалмас
Адал жарым өзің болмас
Қараймын көзімді алмай
Нәзік жансың өзің қандай
Бір сәт сені көрмей қалсам
Таусыламын төзім қалмай
Жан гүлім ашылғандай
Сөздерің ай асыл қандай
Әрбір тәтті қылықтарың
Шуақ болып шашылғандай
 
Қайырмасы
Еркеле , еркем менің!
Сезім қылын шертермедің
Бір өзіңнен асқан жанды
Мен көрмедім!!!
Еркеле тағы құсым
Жүрегіміз алып ұшып
Жырақтасақ көрісеміз сағынысып!!!
 
Жанарың жаққан шамдай
Жан дүниең аппақ қардай қандай
Бақыттымын өзіңмен құшағыңнан бақ тапқандай
Елігім ақ армандай
Ару едің адал қандай
Өлшеп берген өміріме
Өміріңде жаралғандай
 
Қайырмасы
Еркеле , еркем менің!
Сезім қылын шертермедің
Бір өзіңнен асқан жанды
Мен көрмедім!!!
Еркеле тағы құсым
Жүрегіміз алып ұшып
Жырақтасақ көрісеміз сағынысып!!!