Шын сүйемін дейді, дейді ол мені,
Шын махаббат оянбады мендегі.
Ол жанды да өкпелеткім келмеді,
Жүрекке де қарсы шыққым келмеді.
Жауын, жауын, жауын, жауын төкті аспаным,
Жаным, жаным, жаным, сенде жылай бастадың.
Жауын, жауын, жауын, жауын кенет басылды,
Жаным, жаным, бірақ сен тыймадың жасыңды...
Жарық күн де ай нұрына шөлдейді,
Ай да күннің құшағына енбейді.
Солай, жаным, біз түгілі аспанның
Қос жанары бірін-бірі көрмейді!..