Бақытымның жанашырлары,
Байлығымның бар асылдары,
Туыстарым тас қамалым,
Аз-қазақтың арасындағы.
Жақындарым қыран елдегі,
Бір-бір үйдің мұрагерлері.
Менің өмір баянымның
Баяндаушы куәгерлері.
Басыма бақ ырыс қонғанын,
Жүрегімнің тыныш болғанын.
Шын тілейтін тірегім сендер,
Туғанымдай туысқандарым.
Көзім көрген ауылдастарым,
Әкем, анам, бауыр достарым.
Аға-жеңге, әпке-жезде,
Іні-келін, қарындастарым.
Жалған-өмір әр адамға сын,
Тағдыр жазар қалаған жасын,
Аз ғұмырда, ағайын-дос,
Ауызымыз ала болмасын.