Асылжан Абдулла
Текст

Бір болайық

Асылжан Абдулла

Оцените песню: Голос вверх 539 Голос вниз 12

98%
2%
Сыңарымсың
Жыр әнімсің, тұмарымсың тағынған
Шыңға біткен
Шыңарымсың, шырағымсың жағылған
Менің сансыз
Сұрағымсың оң шешімі табылған
Көздеріңнен
Сыр ағылсын, алыстама жанымнан
 
Біз бірге жүрейік
Еріксіз күлейік
Жазықсыз жыламайық
Қуанайық
Бақытқа барайық
Шын ләззат алайық
Ол үшін біз екеуміз
Бір болайық
 
Мен ұнатқан
Ән мен күйсің, әсем гүлсің ашылған
Жалғыз өзің
Келгендейсің өткен алдан ғасырдан
Талғамыңа тең болайын
Кетпе менің қасымнан
Жүрегі аяң
Мен болайын сен сүйетін асыл жан
 
Біз бірге жүрейік
Еріксіз күлейік
Жазықсыз жыламайық
Қуанайық
Бақытқа барайық
Шын ләззат алайық
Ол үшін біз екеуміз
Бір болайық
 
Біз бірге жүрейік
Еріксіз күлейік
Жазықсыз жыламайық
Қуанайық
Бақытқа барайық
Шын ләззат алайық
Ол үшін біз екеуміз
Бір болайық