Асылжан Абдулла
Текст

Менікі

Асылжан Абдулла

Оцените песню: Голос вверх 58 Голос вниз 1

98%
2%
Тәңірдің тарту еткен сыйы ең
Сезіммен махаббатқа толы
Мен сені басқашалау сүйем
Басқалар түсінбейді оны
 
Қызғанам күн мен ауадан да
Көрсете алмаймын жан адамға
 
Әніңде менікі
Сәніңде менікі
Жайдары жан тәніңде менікі
Сендегі бар асылдың бәрі де менікі
Жалғыз-ақ мен ғанамын сенікі...
 
Бағыма сен келгелі тәттім
Бір бақыт гүлдеп бүршік жарды
Талғампаз жүрегімнен таптым
Жаным-ау сендей асыл жанды
 
Қызғанам күн мен ауадан да
Көрсете алмаймын жан адамға
 
Әніңде менікі
Сәніңде менікі
Жайдары жан тәніңде менікі
Сендегі бар асылдың бәрі де менікі
Жалғыз-ақ мен ғанамын сенікі...
 
Сөзіңде менікі
Көзіңде менікі
Жағымды мінезің де менікі
Сендегі ғажайып сезімде менікі
Ешқашан болмасыншы оныкы