Әлия Әбікен
Текст

Анаңның қадірін біл

Әлия Әбікен

Оцените песню: Голос вверх 241 Голос вниз 3

99%
1%
Аямай бар ғұмырын баласына
Төрт бөліп түн ұйқысын таң азырға
Ер жетіп бойжетсеңде бұл өмірде
Анаңдай таба алмассың жанашыр жан
 
Анаңның қадірін біл аманында
Күлкісі сейілмесін жанарында
Іздеме жұмағыңды өзгелерден
Жұмақтың кілті анаңның табанында
 
Жыласаң күн демейтін түн демейтін
Қатеңді кешіретін үндемейтін
Анаңның қадірін біл бар кезінде
Біреуге көру арман күнде кейпін
 
Анаңның қадірін біл аманында
Күлкісі сейілмесін жанарында
Іздеме жұмағыңды өзгелерден
Жұмақтың кілті анаңның табанында