Жолдасбек Абдиханов
Текст

Қазақша сөйлемейтін қыз

Жолдасбек Абдиханов

 
Ей сұлу қыз еркем едің көркем едің неден
Айып емес ажарыңды ай мен күнге теңеген
Жақын келіп танысуға болама дене ем
Селт еттім ау сөзіңізден не поняла че деген
 
Қайырмасы
Ойымды жеткізе алмадым
Бақытты бейнелейтін қыз
Сөзіңді өткізе алмадым
Қазақша сөйлемейтін қыз
Қазақша оқымағансың
Оныңа өкіне аларсың
Сөзіммен айталмағаннан соң
Көзімнен оқып аларсың
 
Көзімдегі сезімдерді оқып іштей тұнарсың
Сен мен үшін даусым жетпес өте биік бір әнсің
Ғашық тілі тілсіз деген Абай сөзін ұғарсың
Әй сен бірақ Абайды да оқымаған шығарсың
 
Қайырмасы
Ойымды жеткізе алмадым
Бақытты бейнелейтін қыз
Сөзіңді өткізе алмадым
Қазақша сөйлемейтін қыз
Қазақша оқымағансың
Оныңа өкіне аларсың
Сөзіммен айталмағаннан соң
Көзімнен оқып аларсың