Сен кеше асқақтадың өстің
Сынаққа салды сосын бес күн
Досым деп жүрген жандар қайда
Қасыңда қалмадыма ешкім
Досым деп жүрген жандар қайда
Қасыңда қалмадыма ешкім
Сен дұрыс таңдамапсың досты
Барлығы ат құйрығын кесті
Басыңа түскен жалғыз сынақ
Бәрінің бет-пердесін шешті
Басыңа түскен жалғыз сынақ
Бәрінің бет-пердесін шешті
Сен кеше досым көп деп жүрдің
Отырсың досым жоқ деп бұл күн
Сынаққа өкінбе қайта сен
Досыңның кім екенін білдің
Бәрінің ойлайтыны пайда
Ай мәңгілік адал достар қайда
Көрінген дос болады саған
Атағың жеткенде айға
Қол созар бірі қалмас бірақ
Сүрініп қалғаныңда сайда
Қамыға берме досым бекер
Көңілсіз бұл күндерде өтер
Аяққа тұрғаныңда ертең
Жағыңа бәрі қайта жетер
Көтере алмауың сенің бой
Бәріне қапалық көңіл ғой
Кімге несіне өкпелейсің
Өмір ғой досым бұл өмір ғой
Кімге несіне өкпелейсің
Өмір ғой досым бұл өмір ғой
Кімге несіне өкпелейсің
Әй досым бұл өмір ғой