Жолдасбек Абдиханов
Текст

Біз екеуміз бір адамбыз

Жолдасбек Абдиханов

Оцените песню: Голос вверх 30 Голос вниз 2

94%
6%
Біз екеуміз бір адамбыз
Туылған екі анадан
Сүйемін ақ сезіммен
Шығатын шекарадан
Жер жүзін жеті ораған
Сен болмасаң жарығым-ау
Жабырқап жеке қалам
Кетпеші алыстарға
Керексің өте маған
Керексіз бөтен адам.
 
Жаным, жаным
Жанымның ауырғанын
Жаныңмен қабылдадың
Тіл қат маған
Жаным, жаным
Жаныңда жалындадым
Жанымнан табылғаның
Қымбат маған
 
Сен жадырап жүрсең болды
Жанымда есен-аман
Басыңа күн туса да
Басымда қате қадам
Барлығын көтере алам
Мен өзіңді бір күндері
Үйіме әкеп алам
Келіннің шәйін ішіп
Қуансын әкем-анам
Батылым жетеді оған
 
Жаным, жаным
Жанымның ауырғанын
Жаныңмен қабылдадың
Тіл қат маған
Жаным, жаным
Жаныңда жалындадым
Жанымнан табылғаның
Қымбат маған