Сағынып аңсап жүрмін сені
Ғашыққып жаным қойдың мені
Шуағым өзіңсің күндегі махаббатым
Өзіңді күтіп жүрмін мен
Жүректе қалықтаған құсым
Жанымның шуағын сен түсін
Оянам жалғыз озің үшін жаным-ау
Мәңгілік солмайтын гүлім
Қ-сы:
Өзіңді ойлағанда кейде жаталмаймын
Сезімді жеткізуге саған баталмаймын
Сөзіңді айтам деген саған айталмаймын
Жанымды түсінсеңші сен жаным,түсін мені
Бейнеңді күлде іздеп кейде
Жаным-ау сиялмаймын жерге
Өзіңді аңсағанда сенде аңсашы
Көркіңнен сенің айналдым
Бұлақты күтем көктемдегі
Аңсатып жүрсің көптен мені
Жанарым көркем өткелдегі махаббатым
Жүрекке түскен аңсарым
Қ-сы:
Өзіңді ойлағанда кейде жаталмаймын
Сезімді жеткізуге саған баталмаймын
Сөзіңді айтам деген саған айталмаймын
Жанымды түсінсеңші сен жаным,түсін мені
Жанымды түсінсеңші сен жаным