Жебе тобы
Текст

Ана мен сәби

Жебе тобы

Оцените песню: Голос вверх 170 Голос вниз 3

98%
2%
Өмірге сәби келді, ақ періште іңгәлаған,
Иіскеп емірене мейірленген туған анаң.
Періште сәби, құлыным,
Мен үшін бүгін - ұлы күн!
Қабылдап ана жылуынӨсе бер!
Тағдырдың көрме тарлығын,
Алдыңда нелер бар, күнім,
Мойныңа алып ар жүгін,
Адам бол!
 
Сәбидің үніменен көктегі Күн күлімдеген,
Ананың үні кетпес құлағыңнан «күнім» деген.
Ақ сүтін емген ананың,
Адал бол, қалқам, қарағым,
Толмасың жасқа жанарың,
Қарағым!
Бақытым сенсің, барым да,
Арайлы аппақ таңым да,
Айтқанын ұста жадыңда
Анаңның!
 
Аттама адалдықтың ақ жолынан, балапаным,
Деп ана кірпік қақпай атқызатын ала таңын.
Періште сәби, құлыным,
Мен үшін бүгін - ұлы күн!
Қабылдап ана жылуын
Өсе бер!
Тағдырдың көрме тарлығын,
Алдыңда нелер бар, күнім,
Мойныңа алып ар жүгін,
Адам бол! -