Жүрегімде жүрсің сен
Сағыныш болып күрсінсем.
Сезімімді бағала
Сен де мені шын сүйсең.
Махабаттың шуағы
Жүрегімде тұрады.
Менде бар құштарлық
Саған ғана құлады.
Қайырмасы:
Тербетіп уақытты
Болайық бақытты,
Махаббат жақұтты сақтайық.
Айтайын ән қылып
Жататын жаңғырып,
Мәңгілік жүректе жаттайық.
Сені іздеймін қашанда
Мейлі алыста болсаң да.
Көргім келіп тұрады
Жанарымды жұмсам да.
Қимай қарап көркіңе
Берілдім ғой еркіңе.
Қосылғым кеп тұрады
Сенің ғана күлкіңе.
Қайырмасы: х2