Жебе тобы
Текст

Аға

Жебе тобы

Оцените песню: Голос вверх 11 Голос вниз 1

92%
8%
Ақ ниет бар адал жанымда
Батылдық бар жанарларымда
Жасқанбаймын ешкімнен
Бақытты өмір кештім мен
Арқа сүйер ағам барында
 
Жаралғандай ардан жүрегі
Барлық елді баурап жүреді
Ол тұрғанда таудайым
Орындалар әрдайым
Інілердің арман-тілегі
 
Ақылшымыз, данамыз
Қамқоршымыз, панамыз
Ағаң жүрсе қасыңда
Биік тұрар, биік тұрар бағымыз
 
Дархандығы даламыз
Қадірлейміз дара біз
Аға барда еркелеп
Жарқыраймыз, жарқыраймыз жанамыз
 
Шаңырағы балдай бағында
Қонар мамық маңдайға мұңдай
Тәтті арманға батамын
Төрінде әркез жатамын
Аунап-қунап ақ жайлауында
 
Ұмітімнің жаққан алауын
Барлық істің тапқан амалын
Қанатымды талдырмас
Қиындыққа қалдырмас
Ағам бар деп мақтана аламыз
 
Ақылшымыз, данамыз
Қамқоршымыз, панамыз
Ағаң жүрсе қасыңда
Биік тұрар, биік тұрар бағымыз
 
Дархандығы даламыз
Қадірлейміз дара біз
Аға барда еркелеп
Жарқыраймыз, жарқыраймыз жанамыз
 
Ақылшымыз, данамыз
Қамқоршымыз, панамыз
Ағаң жүрсе қасыңда
Биік тұрар, биік тұрар бағымыз
 
Дархандығы даламыз
Қадірлейміз дара біз
Аға барда еркелеп
Жарқыраймыз, жарқыраймыз жанамыз