Ашылмай тұрған шындық па екенсің
Жабылмай тұрған түндік пе екенсің
Жердегі жеті миллиард адам
Аяқ баспаған құрлық па екенсің
Шынысын ешкім таяп бармайтын
Күндіз түн нұрын аяп қалмайтын
Жоқ әлде жастық шағым ба екенсің
Қызығы мүлдем аяқталмайтын
[Қайырмасы]
Ал мен сенен жалықпаймын
Жалғыздықпен жолықпаймын
Жаныңа сәл жақындасам
Қанатсыз-ақ қалықтаймын
Ал мен сенен жалықпаймын
Жалғыздықпен жолықпаймын
Жаныңа сәл жақындасам
Қанатсыз-ақ қалықтаймын
Ғажайып шабыт сыйладың маған
Махаббатымның суретін салам
Көрсеткен барлық құрметің үшін
Жаным саған ризамын саған
Құралады өмір қарсылықтардан
Армандар қанша жаншылып қалған
Өмірде мынау ғашықтар аз ба
Әңгімелері таусылып қалған
[Қайырмасы]
Ал мен сенен жалықпаймын
Жалғыздықпен жолықпаймын
Жаныңа сәл жақындасам
Қанатсыз-ақ қалықтаймын
Ал мен сенен жалықпаймын
Жалғыздықпен жолықпаймын
Жаныңа сәл жақындасам
Қанатсыз-ақ қалықтаймын
[Қайырмасы]
Ал мен сенен жалықпаймын
Жалғыздықпен жолықпаймын
Жаныңа сәл жақындасам
Қанатсыз-ақ қалықтаймын
Ал мен сенен жалықпаймын
Жалғыздықпен жолықпаймын
Жаныңа сәл жақындасам
Қанатсыз-ақ қалықтаймын