Ұшқын Жамалбек
Текст

Мен қазақтың баласы

Ұшқын Жамалбек

Оцените песню: Голос вверх 735 Голос вниз 24

97%
3%
Мекені Алтай-Атыраудың арасы,
Тау бауыры, өзен-көлдің жағасы.
Жастайынан жеті атасын жаттаған, сақтаған,
Тегі мықты мен қазақтың баласы.
 
Жау қолынан жыртылмаған жағасы
Ат үстінде ғұмыр кешкен бабасы
Теуіп қалса темір үзіп кететін
Қайсар туған мен қазақтың баласы
 
Жаратқан алла панасы
Есігі байтақ даласы
Алашым деп аттанса
Ешкімнің келмес шамасы
Азаттығын, қазақ туын қорғаған, қолға алған.
Танысаңдар мен қазақтың баласы
 
Жасытпаған дұшпанының жаласы,
Жыр термеден табылатын дауасы.
Жанын берер барын берер ел үшін жер үшін,
Сертке мықты мен қазақтың баласы.
Топқа түссе тақымын қысар анасы,
Тулап кетсе тасты үгітер тарасы.
Ел сенімін, ер сенімін ақтаған сатпаған
Отты жүрек мен қазақтың баласы
 
Жаратқан алла панасы
Есігі байтақ даласы
Алашым деп аттанса
Ешкімнің келмес шамасы
Азаттығын, қазақ туын қорғаған, қолға алған.
Танысаңдар мен қазақтың баласы.
 
Жаратқан алла панасы
Есігі байтақ даласы
Алашым деп аттанса
Ешкімнің келмес шамасы
Азаттығын, қазақ туын қорғаған, қолға алған.
Танысаңдар мен қазақтың баласы.