Ұшқын Жамалбек
Текст

Анажан

Ұшқын Жамалбек

Оцените песню: Голос вверх 14 Голос вниз 1

93%
7%
О-о-о анажан құлыңмын
Құл болғанмен жаныңда жүре алмадым
Ұлы таңда сыналып ұлы арманым
Сорым ба әлде бағым ба біле алмадым
Қолында екен бәрі де бір Алланың
О-о-о анажан, анажаным
 
О-о-о анажан ұлыңмын
Шыныл болсам сүтіңді ақтағаным
Ірің болсам жараңды жаппағаным
Ғалам жұрттың алдына шықпасам да
Адалдықтың алдында аппақ арым
О-о-о анажан анажаным
 
О-о-о анажан мұңыңмын
Бара алмадым жаныңа кешпе мұны
Лаулағанмен сағыныш сексеуілі
Әжім болып қолыңа жазылыпты
Мені баққан күндердің естелігі
О-о-о анажан анажаным
 
О-о-о анажан сырыңмын
Сенен басқа жанымды түсінер кім
Мүмкін мен де талай күн түсіңе ендім
Бағасын өзі берер алтын уақыт
Анасын сағынбаған кісілердің
О-о-о анажан анажаным